БҚО-да қаңғырған иттер 48 малды талап тастады

Фото: unsplash
Бұралқы иттер малға 26 сәуірге қараған түннен бастап шабуылдай бастаған. БҚО полициясы оқиғаның Сырым ауданы Жымпиты ауылында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңғырған иттер 23 қой мен 25 қозыны өлтірген. Әкімшілік хаттама толтырылды. Аудандық ветеринарлық стансаға қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жөнінде ұйғарым жіберілді, деп жазды «Мой Город».

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ауыл тұрғыны телефон соғып, иттер тағы да малына шабуылдағанын хабарлағанын атап өтті.

Екі ит пен екі күшік оның шөп қорасына келген. Олар өте жабайы, түнде ғана жүреді. Иттердің көзін жоюға тура келді. Жымпиты тұрғындары арызданып жатыр, ондай жануарлардың құртуға мәжбүрміз. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев

Оның айтуынша, иттер де микрочиптеу үшін ветеринарлық стансаға жеткізіледі. Жыл басынан бері бұл процедура 360 итке жасалған. Аудан басшысы қаңғырған иттерді кеңестік кезеңдегідей жою керек деп есептейді.

Басқа амал жоқ. Оны заңдастыру керек. Сонда адамдар итін көшеге шығармас бұрын, әсіресе асыл тұқымды ит ұстайтындар, жақсылап ойланатын болады. Олар көшеде қаңғырып жүрген иттің көзі жойылатынын біліп жүреді.Төлеген Төреғалиев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты