Солтүстік Қазақстан облысында үй өртеніп, төрт адам қайтыс болды

Сурет: СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сәуірдің 29-ына қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт туралы хабарлама кезекші пультіне түнгі сағат үште түскен.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті ауыл ең жақын өрт сөндіру бекетінен 53 шақырым жерде орналасқанын атап өтті.

Өрт сөндірушілер келгенде үй жанып жатты. Олар келгенше ауыл тұрғындары әйел адамның денесін тауып, сыртқа шығарып үлгерген. Өртті сөндіру кезінде тағы үш ер адамның: үй иесі мен оның қонақтары мәйіті табылды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер сыртқа бір газ баллонын шығарды.

Өрт сағат 05.40-та сөндірілді. Өрт салдарынан үй толығымен жанып кетті. Өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Көршілерінің айтуынша, марқұмдар ішімдікке әуес болған.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек