Нұр-Сұлтанда кәріз құдығынан есірткі табылды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Елордалық МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) төрағасы Рүстем Айтхожин кәріз құдығынан белгісіз зат тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Меркурий» тұрғын үй кешенінің Е-15 көшесіндегі кәріз құдығына жасырылған зат есірткі болып шықты. МИБ төрағасы ақ ұнтақты заты бар лентамен оралған пакетті үй аумағын аралап жүргенде тауып алған. Ол бірден полиция қызметіне хабар беріпті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Полицейлер есірткінің тұрғын үй кешенінің аумағына қайдан әкеленгенін анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасының басшысы Мадияр Айтуғанов «Меркурий Лайф» МИБ төрағасы Рүстем Айтхожинді қырағылығы үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты