Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында жалған акциздік маркалар тәркіленді

Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігінен Беларусь Республикасының 1,1 млн жалған акциздік маркалары анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство  «Қырғыз Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің жосықсыз қатысушылары қол жеткізілген уағдаластықтарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасына декларацияланбаған, контрафактілік жүктерді әкелу үшін өздерінің «сұр» схемаларын қолданатынын» атап өтті.

Мысалы, 2022 жылғы 28 сәуірде Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігінен тақырыптық салық тексеруі кезінде Беларусь Республикасының 1,1 млн жалған акциздік маркалары анықталды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитеттің мәлімдеуінше, қылмыстық құқық бұзушылықтың болуына байланысты бұл іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ, аталған көліктен 2 мыңнан астам декларацияланбаған тауарлар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылды.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді