Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% өсіп, 217 822 болды, – деді Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Алматы әкімдігінің айтуынша, қаңтар айында зардап шеккен кәсіпкерлерге төлемдер жалғасып жатыр. Жалпы сомасы 11 млрд теңгеге 1499 өтінім мақұлданды. Бизнесмендердің 95%-ы өтемақы алды. Бүгінде олар келушілерге есігін айқара ашып, жұмысқа қайта оралды.
Комиссияның қарауында ең күрделі жағдайлар қалды. Олар сараптама жүргізуді, ЖСҚ әзірлеуді және құжаттарды қалпына келтіруді талап етеді. Зиянды өтеу мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр.