Шығыс Қазақстан облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Өскеменде құтқарушылар мен полицейлер көпірден секіріп, суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бүгін, 10 мамырда болды. Таңертең Ертіс көпірінің маңында келе жатқан жүргізушілер өзенге секірмек болған қызды байқап, полицияға хабар берген, деп жазды arnapress.kz.

Оқиға орнына жеткен қос қызметтің қызметкерлері қызды сөзге тартты, сол уақытта құтқарушылар арқанның көмегімен сақтандыруды шығарып, радио арқылы қайықты шақырды. Құтқарушылар мен полиция ұрымтал сәт туғанда шұғыл әрекет етіп, қызды ұстап, қауіпті аймақтан алып шықты.ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, 1998 жылы туған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды