Елорда тұрғыны басын қатерге тігіп, сегізінші қабатта ілініп тұрған баланы құтқарды

Сурет: pixabay
Қазнетте сегізінші қабаттағы балкон терезесіне ілініп тұрған баланы құтқару сәті түсірілген видео жаряланды. Үш жасар сәбиді төменгі қабатта тұратын көршісі аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, департаментке 11 мамыр күні сағат 10:21-де Ұлы Дала көшесі, 27/1 мекенжайында 9-қабатта баланың терезе жақтауына ілініп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел түрде жеті адам мен екі техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жөнелтіліпті.

Біз келген кезде сегізінші қабаттағы балкон жақтауына асылып тұрған баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарып қалғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылы туған қыздың үйде ата-анасымен болғанын атап өтті. Алайда дәл осы сәтте оның жанында ешкім болмаған.

Бақытымызға орай, жетінші қабатта тұратын 1985 жылы туған Сәбит Шонтақбаев асылып тұрған баланың жылап тұрғанын көріп, еш ойланбастан басын қатерге тігіп, құтқару санаулы секундтарда қызды ұстап алып, баланы аман алып қалды. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Көрсетілген батылдығы, ерлігі мен батырлығы үшін ер адам марапатқа ұсынылады.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі