Алматыда демалыс күндері екі құтқару операциясы жүзеге асырылды

Сурет: Instagram/109_almaty
Демалыс күндері Алматы қаласының құтқару қызметіне таудан туристерді түсіруді сұраған екі өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"109" нөміріне бірінші хабарлама қалалық ТЖД-ның кезекші бөлімінен 8 мамыр күні кешке келіп түсті. Қимасар шатқалы аумағында 40 жастағы ер адам аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған. Құтқарушылар тобы оған жақын орналасқан "109" қызметінің тау-кен базасынан зардап шегушіні іздеуге шықты.

Құтқарушылар аяғы сынған ер адамды тауып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті және зембілдің көмегімен таудан эвакуациялады. Оларды күтіп алған жедел медициналық жәрдем бригадасы ер адамды стационарға жеткізді.

Екінші шақырту 9 мамыр күні сағат 15:08-де түсті. Үлкен Алматы шыңына шығып алған 22 жастағы қыз бен 23 жастағы жас жігіт ол арадан өздігінен түсе алмай, әуре-сарсаңға түскен.

Құтқарушылар көрсетілген координаттар бойынша жастарды дөп тауып барды. Екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болмады, құтқарушылар оларды эко бекетке дейін алып келді. Одан соң жастарға таудағы жүріс-тұрыс ережелері бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді, пайдалы кеңестер берілді. Іздеу жұмыстары екі жағдайда да сәтті аяқталды.

Сурет: Instagram/109_almaty

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды