Танымал актер Сағат Жылгелдиев дүние салды

Сурет: Ғ.Мүсрепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сағат Жылгелдиев дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі жеткізді.

Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті, – делінген театрдың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Актер 1954 жылы 12 желтоқсанда, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылында дүниеге келген. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

1977 жылдан Қазақ балалар мен жастар театры сахнасында өнер көрсетіп келді. Ол сомдаған Ақын (И.Сапарбаевтың «Ауылдан келген аруында»), Байжан (И.Ғайыптың «Алтын ажалында»), Абдолла (С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде»), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың «Әзірет Сұлтанында»), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ұлпан», «Ақан сері – Ақтоқтысында») т.б. рөлдері көрерменнің есінде мәңгі қалады.

Актермен қоштасу пәсімі 17 мамыр күні сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өтеді.

Zakon.kz редакциясы марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек