Күлейік пе, жылайық па: Атырауда Хиуаз Доспанованың бюсті «жоғалып кетті»

Сурет: видеодан скриншот
14 мамырда атыраулықтар орталық көпір астындағы саябаққа 2010 жылы орнатылған атақты ұшқыш, Ұлы Отан соғысына қатысушы Хиуаз Доспанованың бюсті жоғалып кетуіне байланысты дабыл қақты. Қызығы, дәл сол күні оны басқа жерде салтанатты түрде ашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мой город» порталының жазуынша, бюст орнында қалқайып тұрған қадауды көрген тұрғындар шошып кеткен. Бюсттен тек QR коды және «Тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауында» деген жазуы бар стенд қана қалған.

Бюстті жұлып алыпты. Оны қайда және не мақсатпен апарып тастағаны белгісіз. Мұнда адамдар демалатын, Доспанованың бюсті бар алаң қаланың көрнекті орны болатын, – дейді жақын маңдағы үйлердің тұрғындары.

Редакциясы мән-жайды анықтау үшін Атырау қаласы әкімдігіне сауал жолдаған. Бірақ жауап әлі келген жоқ.

Көп ұзамай ұшқыштың бюсті табылды. Ол Х. Доспанова атындағы мектеп аумағына қойылыпты.

Кейін белгілі болғандай, мәдени нысан 14 мамырда мектептің құрылғанына 70 жыл және ұшқыштың 100 жылдығына арналған іс-шарада салтанатты түрде таныстырылған.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз