Алматыдағы жерасты және жерүсті өткелдерінің 83%-да лифт пен көтергіштер жоқ

Сурет: Zakon.kz
Прокурорлар Алматының жерасты және жер үсті өткелдеріндегі көтергіштердің тиімділігін тексеріп, көңіл көншітетін қорытынды шығара алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органы жерасты және жерүсті өткелдерінің көбінің жұмыс істемейтінін анықтады. Осыған байланысты ерекше қажеттілігі бар адамдардың қалада қозғалу мүмкіндігі шектеулі.

Мониторинг барысында қаладағы жабдықталған 68 жаяу жүргіншілер өткелінің 57-сінде (83%) лифт пен көлденең көтергіштер жоқ екені анықталды. Бұл ретте Алматыда 54 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұратынын, оның 14 739-ының жүріп-тұруында қиындықтар бар екенін айта кеткен жөн. Бұл ретте аталған нысандарды күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Тек 2021 жылдың өзінде бұл мақсаттарға 280 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды.Алматы прокуратурасы

Прокурорлар жерасты және жерүсті өткелдерін күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатының заңды игерілгенін анықтауға уәде берді.

Алматы
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды