Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Сурет: gov.kz
Астанада құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан биік кранның темір тросы үзіліп кетті. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 мамырда сағат 03:34 шамасында "Тұран 1" МЖК құрылыс нысанының аумағында (құрылыс салушы «EMPAIRE» ЖШС) құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде (биік кран, жеткізушісі - «Krans Service Group» ЖК) апат орын алды. ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Алдын ала мәліметтер бойынша, биік кранның тросы үзіліп, металл ілгек (гак) құлаған. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында опат болды.

Ведомствоның хабарлауынша, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылады.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері апаттың себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысына жетекшілік етеді.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз