Түркістан облысында өзен бойынан табылған жарылғыш зат полицейлерге тапсырылды

Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша науқан өтіп жатыр. Осы шарадан хабардар болған Келес ауданының тумасы 4 дана РГД-5 жарылғыш затын полиция бөліміне ерікті түрде тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол полицейлерге жарылғыш затты балық аулау кезінде өзен бойындағы ағаш арасынан ораулы күйінде тауып алғанын айтқан. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осы уақытқа дейін оны қайда өткізерін білмеген тұрғын акцияны естіген бойда полиция бөліміне жеткізген.

Акция жарияланған 19 тәулікте облыс көлемінде 112 азаматтан 167 дана отты атыс қару алынды. Оның ішінде 23 ойық ұңғылы, 137 дана тегіс ұңғылы қару, 7 шолақ қару және 4 дана граната бар. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті