Түркістан облысында үш миллион теңгенің жылқысын ұрлағандар сотталды

Сурет: polisia.kz
Мақтаарал ауданында үш бас жылқы мен бір құлын ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі үш миллион теңгеден асқан. Жылқы иесі қылмыскерді өз бетімен іздемек болғанымен, онысынан еш нәтиже шықпаған.

Бұл жайтты полицейлер тез арада тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен қажетті шараларды жүргізді. Мал таситын көліктерді, мал базарларын мұқият тексеріп шықты. Полиция қызметкерлерінің жан-жақты іздестіруі нәтижесінде ұрланған жылқының бірі мал базарда сатылып тұрға жерінен анықталды.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің айтуынша, сатушыдан жауап алу барысында оны біраз уақыт алдын басқа біреуден сатып алғаны белгілі болды. Сатушының жауабымен күдіктілердің жеке басы анықталды.

Күдіктілер ауылдағы адамдар мен олардың малдарының жай-күйін білетін жергілікті тұрғындар болып шықты. Осылайша күдікті ретінде екі ер адам ұсталып, Мақтаарал АПБ-ға жеткізілді.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, ұсталған ауылдас екеу ақша қажет болғандықтан ұрлыққа барғанын мойындады.

Белгілі болғандай, күдікті екі ер адам мал жайылымға келіп, жылқыларға жем беріп, сол сәтте мойындарына арқан салған. Сонан соң жүк көлігін жалдап, оны Сайрам ауданындағы мал базарлардың біріне апарып, арзан бағаға сатып жіберген.

Мақтааралдық тергеуші күдіктілердің жоғарыда айтылған екі ұрлық қылмысына да қатысы бар екендігі толық дәлелдеді. Тергеу әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша жүргізілді. Күдіктілердің кінәсін дәлелдеу үшін қажетті айғақтар жинақталды. Қылмыстық іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Мақтарал аудандық сотының үкімімен күдіктілердің бұрын сотты болмағаны, жәбірленушілерге келген шығынды өтеп, кешірім алуы, отбасының асыраушысы екендіктері ескеріле отырып, 50 жастағы күдікті бір жылға, ал екінші 30 жастағы жігіт екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады