Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Сурет: Facebook/Кайрат Кудайберген
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы екі айға, яғни 21 маусымға дейін ұзартылғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу сотының қаулысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беруді сұраған өтінішхат қанағаттандырылды. Күзетпен ұстау мерзімі - 2022 жылғы 21 маусымға дейін. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Айта кетсек, 21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.

Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бары және оған қатысқаны ұсталған топтан тәркіленген телефондағы "Қазақстан" қонақ үйінде түсірілген бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады. Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі

Алдында Қайрат Құдайбергеннің адвокаты Мұрат Амитов депутатты тергеу соты бір айға қамауға алғанын мәлімдеген.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады