Алматы облысында қаңтар бүлігі кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қару-жарақ қоймаларынан ұрланған тапаншалар табылып, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 мамыр күні Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесі бойынша полиция департаменті қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қару-жарақ қоймаларынан ұрланған 18 патроны бар 6 Макаров тапаншасын, сондай-ақ 1 Калашников автоматын тауып, тәркіледі.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

​Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қару-жарақтар 2 күдіктінің тұрғылықты жерінен және арнайы жабдықталған қоймадан табылған.

​Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды, ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сондай-ақ ұсталғандар басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексеріліп жатыр.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

​Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді