Павлодарда 10 тонна өсімдік майы тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Оқыс оқиға сағат 12:06-да Успенка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар Павлодар-Успенка-РФ тас жолында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кең далада 2004 жылы шыққан KRONE ZZF18 маркалы ауыр жүк көлігінің қаптамамен оралған тіркемесі толығымен жанып кетті. Онда 20 шаршы метрді алған пластикалық ыдыстардағы 10 тонна өсімдік майы тиелген еді. Барлығы түгі қалмай өртенді. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сағат 13:50-де сөндірілді. Жүк Новосібірден Бішкекке Қазақстан шекарасы арқылы кетіп бара жатқаны айтылады.

Сонымен қатар, аймақта екі орында құрғақ шөптің өртенуі орын алды. Қызыл жалын бірінде 500 шаршы метр аумаққа тараса, екіншісінде 4 гектар жерді қамтыды.

Өрт сағат 14:40-та жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталады.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының алты адамы мен екі техникасы жұмылдырылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді