Елордада екі бала суға батып кетті

Сурет: Zakon.kz
29 мамыр күні сағат 12.50-де "112" шұғыл байланыс желісіне Бейсеков көшесіндегі көпір маңында Есіл өзенінде екі баланың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-құтқару жасағының бөлімшелері жағада қалдырылған заттарды қарастырып, іздестіру жұмыстарына кірісті.

Сүңгуір жасағы дереу өзен түбін барлап, судан кәмелетке толмаған бір ер баланың денесін алып шықты, бірнеше минуттан кейін екінші ер баланың да денесі табылды. Балалардың жеке басын полиция департаменті анықтайды. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін ТЖ департаментінің қызметкерлері осы өзеннің аумағында ақпараттық стенд, сондай-ақ аталған учаскеде суға шомылуға тыйым салу белгілерін орнатқан болатын.

Құрметті ата-аналар, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді! Әсіресе, жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы балалармен әңгіме-дүкен жүргізілуі шарт. Бүгінгі күні елордада рұқсат етілген, шомылуға арналған үш ресми учаске бар: Орталық саябақ, "Три пескаря" және "Столичный двор" демалыс аймақтары.Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті