ШҚО-да құрылыс алаңында ойнап жүрген бала екі бетонның арасына қысылып қалды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оқыс оқиға Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында орын алды. Алты жасар балаға құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бала көшеде ойнап жүріп, бетон плиталардың арасына түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалды. №18-ӨСБ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке шұғыл жетті. Алдымен олар бетонды бөлшектеу үшін жүк тиегіш техника мен кранды алдырмақ болды. Алайда бала жылап, ойланып жатуға уақыт болмады. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

№ 18-ӨСБ көлік жүргізушісі Дархан Байғалиев пен "ДК жобасы" ұстасы Азамат Дүзеев ақырын, баппен қимылдап қысылған баланы суырып алды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегуші ауыр жарақат алған жоқ, тек сырылулар болмаса.

Ата-аналардан қырағы болуды сұраймыз. Оқыс оқиғалар балалардың жалғыз қалуы және ойнау үшін қауіпті жерлерді таңдауынан туындайды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді