Нұр-Сұлтанда бойжеткен үш миллион теңгедей ақша салынған пакетінен айырылды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 21 жастағы қыздан 2 миллион 800 мың теңге сомасындағы ақша салынған пакетін тартып алған тонаушыны ұстады, деп хаьа

Жәбірленушінің айтуынша, ол күндізгі уақытта Мәмбетов көшесінің бойымен ақшаны есепшотқа салу үшін банкке қарай бет алған. Бұл кезде оның артынан келе жатқан белгісіз адам кенеттен қолындағы пакетті жұлып алып, жүгіре жөнелген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Сарыарқа» аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 26 жастағы тонаушыны Майлин көшесінің бойынан ұстады. Нұр-Сұлтан қаласы полиция депаратаментінің баспасөз қызметі

Полицейлердің сөзінше, күдікті бұрын бір ай бойы сауда саласындағы компанияда тағылымдамадан өткен, онда жәбірленушінің өзі де жұмыс істеген. Тонау жасалғанға дейін күдікті ақша ұрлау мақсатында қыздың жүріп-тұру бағыты мен уақытын алдын ала қадағалап отырған.

Күдікті ақшаның біразын жұмсап жіберген.

Аталған факті бойынша «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция депаратаментінің баспасөз қызметі

Қазір полицейлер күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты