Бір млн доллар талап еткен құқық қорғау органдарының «қызметкерлері» ұсталды

Сурет: pexels
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтық топ күзет фирмасының басшылығынан 1 миллион АҚШ долларын талап етті. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция кезінде анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомство алаяқтар тобы фирма өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталғанын мәлімдеді.

Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын» айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты