Батыс Қазақстан облысында иттер тағы да малға шапты

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысының Қызылтал ауылында иттер тағы да малға шапты.

Қызылтал ауылындағы Сайқұдық көшесінің тұрғыны Гүлфия Қазымованың хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңда болған, деп мәлімдеді 24.kz.

Ауыл тұрғынының айтуынша, қорадағы қойлардың қырылып жатқанын ең әуелі егде жастағы әкесі байқаған.

Бірден аудандық полиция бөліміне, ветеринарлық станцияға хабарластық. Олар әзірге келген жоқ. Иесіз иттер бұған дейін де қорадағы малға шапқан. Өткен жылдары тұрғындары түгел көшірілген Березов ауылында иесіз ит көп. Солар ауыл маңындағы қоқыс төгетін орынға үйірімен жиналады. Малға тиді, енді адамға шаппасына кім кепіл? Қызылтал ауылының тұрғыны Гүлфия Қазымова

Гүлфия Қазымованың сөзінше, ешкісі бар, қойы бар 27 бас малдың үшеуі арам өлген, сегізі пышаққа ілінген. Қазір басқалары тексеріліп жатыр.

Ауыл тұрғыны қаңғырған иттердің кесірінен 24 мал шығын болғанын айтты.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз