Кісі өлтірді деген күдікке ілінген павлодарлық 15 жылдан кейін ұсталды

Сурет: pexels
Кісі өлтірді деген күдікке ілінген Павлодар қаласының тұрғыны тегі, аты, әкесінің атын өзгертіп, 15 жыл бойы Ресейде жасырынып келген. Облыстық полицияның мәліметінше, ол Барнаулда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей Федерациясы ІІМ Алтай өлкесі бойынша әріптестерімен бірлесіп, адам өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген қылмыскерді Барнаулда ұстады. Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов

Оның айтуынша, тергеушілер іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамның 2007 жылдың ақпан айында Павлодар қаласындағы түнгі клубтардың бірінің жанында (Есенәлиев көшесінде) ер адамға оқ атқанын, ол алған жарақатынан қайтыс болғанын анықтады.

Анықталғандай, осы жылдар ішінде құқық бұзушы Ресей Федерациясында тегі, аты және әкесінің аты сияқты деректерін өзгертіп үлгерген. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Барнаулдағы Ресей ІІМ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Болат Нұрсейітов
Ресей
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді