Балмұздақ зауытындағы төтенше жағдай: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
7 маусым күні таңертең Алматыдағы балмұздақ зауытының бес жұмысшысы аммиактан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зауыттағы апат салдарынан интоксикация болған.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерді шұғыл түрде көп бейінді бригада тексергенін, оның құрамында дәрігерлер: реаниматолог, токсиколог және терапевт бар екенін түсіндірді.

Жағдайының ауырлығына байланысты олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды, біреуі стационарлық ем қабылдаудан бас тартты. Соңғысының жағдайы тұрақты.Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған үш адам 9 маусымға дейін жансақтау бөлімінде болған.

Бүгінде үш науқас токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайлары орташа ауырлықта, тұрақты. Бір науқас әлі жансақтау бөлімінде. Палатаға ауыстыруға дайындық жүріп жатыр.Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі

Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция да түсініктеме берді.

Бұл факт Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабымен («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») тіркелген.Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты