Ақтөбеде құрылыс басынан табылған оқушы мүрдесіне қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде 9 маусымда салынып жатқан нысанның аумағынан денесі табылған 12 жасар оқушы оқыған мектеп директоры иттердің балаға шабуылдауы үнемі орын алатынын айтты, деп хабарлайдыZakon.kz.

"Диапазонның" хабарлауынша, марқұм 2010 жылғы бала алтыншы сыныпта оқыған. Отбасында үш бала бар.

Маған жайсыз хабар сағат 23:00 шамасында келіп түсті. Бірден үшінші ықшам ауданға келдім. Мені ішке кіргізбеді. Біз балаларды ата-аналары, чат арқылы іздей бастадық. Бір баланың үйде жоқ екенін білдік. №60 мектеп директоры Абзал Тәжімішев

Оның айтуынша, бұған дейін де баланы ит қапқан жағдайлар болған.

Барлық инстанцияларға жаздық. Сөйтсек оларды атуға тыйым салатын заң бар екен, ит қабылдайтын орынға өткізу керек көрінеді. Жергілікті атқарушы органдардың қолы жіпсіз байлаулы. Абзал Тәжімішев
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады