Самарқандта 1,5 жасар қыз 10-шы қабаттан құлап кетіп, мерт болды

Сурет: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Самарқандта жаңа көпқабатты үйлер бой көтерген Қарасу тұрғын-үй кешенінде 1,5 жасар қыз 10-шы қабаттағы балконнан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ашық қалған есіктен балконға шыққан қыз жақтау - металл шарбақтары арасынан төменге құлап кеткен, деп жазады gazeta.uz басылымы.

Оқиға орнына Самарқанд ІІБ тергеу бөлімінің және қала прокуратурасының басшылары келді. Дене жарақаттарының ауырлығын және қыздың неден қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды. Бірақ баланың туыстары денені сараптамаға бермейтіндерін айтты.

Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп атап өтті облыстық ІІБ.

2019 жылдан бастап салынып жатқан Қарасу тұрғын-үй массивінде 12, 14, 15, 16 және 25 қабатты үйлер бар. Қайғылы оқиға орын алған үй - 15 қабатты.

Басылым мұнда балконнан адамдардың құлап кету жағдайлары бұрын да орын алғанын еске салады.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз