Қазпоштаның тұтынушылар базасынан жеке тұлғалардың дерегі тарап кеткені рас па

Сурет: kazpost.kz
«Қазпошта» АҚ интернетте тұтынушылардың деректер базасының саудасы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хакерлер форумында «Қазпошта» АҚ деректер қорының қосымша серверіне кіре алатыны туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға бопсалау мақсатында компанияға бірнеше рет хабарласып, ақпаратты бірнеше мың долларға сатып алуды ұсынды. Ақпаратты бір жыл бұрын ол басқа серверден алған. Қазпошта серверлерінен ақпарат тараған жоқ. «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

Бұл ақпарат құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.

Компанияның хабарлауынша, ақпараттық қауіпсіздік мамандары «Қазпошта» тұтынушыларының жеке деректері бар екенін растамады. Қазір бұл мәселені құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы