Нұр-Сұлтанда дауыл кезінде биік кран омақаса құлады

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Оқыс оқиға сағат 18:20 шамасында Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, кран қатты желдің салдарынан құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Sen" тұрғын-үй кешені құрылыс нысанында "НЕОТЕХ" ЖШС-ға тиесілі КБ-405 биік краны құлады. Бұл объектідегі жұмыстар дауылды ескертуге байланысты тоқтатылған болатын, кран қайта жөндеуге дайындалып қойылған. ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кран екпіні 20-25 м/с болатын қатты желдің салдарынан құлаған.

Оқиға себептері анықталу үстінде. Оқиға орнында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды