Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды

Сурет: pxhere
14 маусымда мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде шекарашылар арасында атыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы деректер әлі түскен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан тарапының хабарлауынша, таңертең Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан жағынан «Бұлақ-Башы» шекара заставасы бағытына оқ атылған. Бұған жауап ретінде қырғыз тарапы да тәжік бекеті бағытында оқ атты.

Тәжікстан билігі қырғыз шекарашылары «Кех» заставасына минометтерден оқ жаудырғанын, бұған тәжік тарапы жауап қайтаруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, атыс себептерін анықтау және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр.

Әзірге қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс тоқтады. Республикалар арасындағы бөлінбеген аумақтар оқтын-оқтын шиеленіс аймағына айналғанын айта кеткен жөн.

Қырғызстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз