Жоғары оқу орындарының бірінде бір кітапты 117 млн теңгеге сатып алу жоспарланған

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде 117 миллион теңгеге 1 кітап сатып алу жоспарланған. Мұны Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізген кезде анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, мониторинг барысында сипаттамаларда тауарлардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы жоқ екендігі анықталған.

Департаменттің ұсынымдық хатынан кейін ұйым мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Кейін белгілі болғаны жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу порталында орналастыру кезінде техникалық қателік жіберілген, онда жоспарланған жұмыстарға сәйкес 1 кітап емес, бір лот көрсетілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады