Атырауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден алты адамды аман алып шықты

Сурет: Instagram/atyrau_tjd
Атырау қаласындағы өрт кезінде өрт сөндірушілер алты адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 15 маусымында сағат 14:14-те Владимирский көшесі, 99 мекен-жайында орналасқан бес қабатты үйден түтін шыққаны туралы байланыс бекетіне хабар келіп түсті.

Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер үйдің дәліз баспалдағы арқылы алты адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады.

Пәтердің жалын шарпыған ауданы - 12 шаршы метр. Өрт сағат 14:33-те оқшауланып, 14:45-те толықтай жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобы
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті