Түркістанда «Жеті тандыр» дәмханасы өртенді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысының өрт сөндірушілері екі қабатты «Жеті тандыр» дәмханасында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 маусым күні сағат 11:48-де екі қабатты «Жеті тандыр» дәмханасында екінші қабатында өрт шығып, аумағы 400 шаршы метр болатын шатырын шарпыды. Сағат 12:50-де өрт сөндірілді. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомство жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.

Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қонақтар ғимараттан өз бетімен шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды