Жаңа туған нәрестені құлатып алды: Атырауда перзентхананың бас дәрігері қызметінен кетті

Сурет: unsplash
Жаңа туған нәрестені құлатып алу жағдайынан кейін Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қазбек Ермағамбетов қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуованың «Мой город» басылымына айтуынша, Қазбек Ермағамбетов басшы қызметінен кеткенімен перзентханада жұмыс істеуге қалды.

Еске сала кетейік, Атырауда баланың анасы басқа босанған әйелдермен бірге рентгенге шақырылған. Сол кезде әлі босанғаннан соң оңала қоймаған, әрең қозғалып жүрген әйел палатада балаларды қарауға қалады. Кейін әйел әлсіреп, ауырып, баланы жерге құлатып алған.

Бала мен анасы әлі орталықта. Бірақ олар реанимацияда емес, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде жатыр. Сәбидің гипоксиялық ишемиялық зақымдануы бар. Дегенмен ол құлау оқиғасына емес, жүктілік пен босану үрдісіне байланысты, – деді Жанар Сәдуова.

Денсаулық сақтау басқармасының жұмыс комиссиясының тексеру қорытындысына сай кезекші дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты