Алматы облысында техникалық тексеруді заңсыз жүргізген операторлар анықталды

Сурет: pexels
Жалған операторлар 2021-2022 жылдар аралығында фотошопты пайдалана отырып, автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін өзгертіп жалған техникалық байқау жүргізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, «жалған операторлардың» қызметін мемлекеттік мекемелер, білім беру объектілері және өзге де мекемелер пайдаланған. Техникалық байқау ешбір ғимаратсыз, аула-аумақсыз және жабдықсыз қашықтықтан «онлайн» форматта жасалған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, көлікті техникалық байқаудан өткізу үшін 25 минуттан аса уақыт жұмсалады. Орта есеппен, бір күнде оператор 30-ға жуық көлікті тексере алады. Алайда, «жалған операторлар» күніне 50-ден астам техбайқау өткізген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев

Сондай-ақ, Антикоррупциялық қызмет өңірде 25 техникалық байқау өткізетін ғимараттардың мекен-жайлары да жалған болып шыққанын анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз