«Дикий» Арманның рөлі ерекше болды – Бас прокуратура

Сурет: zakon.kz
Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар қақтығысын тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Шалабаев сол қайғылы күндері Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында қирату, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүлікті жою және терроризм актілері болғанын еске салды.

Оның мәлімдеуінше, прокуратура органдарының қадағалауында 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бар. Бүгінгі күні еліміздің әр өңірінде осы қылмыстарды ұйымдастырушы ретінде 27 адам анықталды. Олардың қатарында Алматы әуежайына шабуыл жасап, «Көктебе» телемұнарасын басып алуға әрекет жасаған тұлғалар да бар. Бүгінге қылмыстық ортадағы тұлғалардың белсене қатысқаны шынайы белгілі.

Прокуратура өкілінің айтуынша, қылмыстық ортада кеңінен танымал «Дикий Арман» – Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше.

Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың бірімен Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйіне келген қылмыскерлерге Glock және Макаров маркалы тапаншалар таратылды. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алған. Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстағы рөлін анықтаған. Іштерінен басшылары тағайындалып, олар броньдалған жилеттер, бастарына арналған қорғаныс құралдары, атыс қаруы және 200 мың теңге ақша берілген. Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Шалабаев Серік Рысқалиұлы

Ол қатардағы серіктестеріне суық қарулар мен денеге зиян келтіруге болатын басқа заттармен қарулану тапсырылғанын атап өтті.

Ерекше белгі ретінде барлық қатысушылардың сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан.

Бұл қарулы қылмыскерлер тобы қаланың әр түрлі нүктесінен 24 ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ritz Carlton және «Қазахқтан» қонақүйлерінің паркингінде ұстаған. Кейіннен жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзеті қойыла отырып, металл контейнерге орналастырылған. Дене жарақаты салдарынан жәбірленушілердің бірі қайтыс болды. Бұл қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті тұлға қамауға алынды. Қалған қылмыстық топ қатысушылары анықталып жатыр. Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Шалабаев Серік Рысқалиұлы
Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз