Желіде Нұр-Сұлтан көшелерін түтін басып кеткен видео пайда болды

Елордалық өрт сөндірушілер жазық даланы жалмаған қызыл жалынмен күресіп жатыр. Әлеуметтік желіде түтін басқан Нұр-Сұлтан көшелерінің видеосы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 маусым күні сағат 15: 03-те "101" шұғыл байланыс желісіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолы бойында қураған шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер бір гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқанын анықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 25 адам және алты техника жұмылдырылды: төрт өрт сөндіру көлігі және жергілікті атқарушы органның бір тракторы.

Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 17: 31-де қызыл жалын ішінара оқшауланды. Оттың елорданың жасыл белдеуіне және құрылыс алаңдарына тию қаупі жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: