Қоғамдық жұмыстан жалтарған Семей тұрғыны қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
ШҚО-да сот пробация қызметінің қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны қамаққа алумен ауыстыру туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметі ұсынған ұсыныс бойынша сот 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды жеті тәулікке қамауға ауыстыру туралы шешім шығарды. Қаулы заңды күшіне енді және орындалды.

Айта кетсек, Семей тұрғыны өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысқаны үшін сот үкімімен 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылған. Мәселен, "Жылукоммунэнерго" МКК-дан осы жаза бойынша жұмыс орнына келмеген қала тұрғынына қатысты шаралар қабылдау туралы бастамашылық хат келіп түсті.

"Сотталған азамат П-ға есепке қою кезінде қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеудің барлық шарттары түсіндірілді, алайда, түзелу жолына түскісі келмей, сотталған адам жалтара бастады, яғни сот үкімі бойынша тағайындалған 30 сағаттан ол бір сағатын да өтемеді, сондықтан соттың ұсынысын қанағаттандыру және қоғамдық жұмыстарға тартуды қамауға ауыстыру үшін барлық заңды негіздер болды", - деді Әуезов аудандық пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары әділет капитаны Инара Жүсіпова
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды