Алматыдағы сауда үйіне тағы да «жарылғыш зат қойылды»

Сурет: Zakon.kz
Алматыда қаланың ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 21 маусымда сағат 16:09-да Алматыдағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түскен.

Мұндай хабарламаларға бастапқы ден қою алгоритмінің шеңберінде, бірінші кезекте орталыққа келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жүзеге асырылды. Жол-патрульдік полиция жасақтары осы объектіге іргелес жүріс бөлігіне көлік құралдарын бұруды жүзеге асырады.Алматы полиция департаменті

ПД жедел басқару орталығында хабарлағандай, тексеру шаралары аяқталды. Жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты.

Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштық сақтауға және қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция Москва сауда орнын қоршап алғаны, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келгені хабарланған еді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты