ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді

Сурет: ШҚО ҚАЖД
Өскемен тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен мен Семейдің екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД 156/1 ОВ қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды.

Сонымен қатар ақпаратты өңдеу барысында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты.

Ер адамдарды қару алуға рұқсат құжаты болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабына сай «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы әлілет майоры Қанат Жүсіпов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді