Томирис Байсафаның ісі: Алқабилер Дағыстан шендісінің ұлын кінәлі деп таныды

Сурет: Instagram/baisafatomiris
Мәскеудің Измайлов сотының алқабилері қазақстандық студент қыздың өліміне Муртазали Меджидовтың кінәлі деп бірауыздан таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2018 жылдың 13 сәуірінде қазақстандық қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен болатын. Қыз аталған ЖОО-ның Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-курсында оқып жүрген. Дәрігерлер оған бірнеше ота жасады, бірақ үш аптадан кейін Томирис ауруханада қайтыс болды. Ресейдің Тергеу комитеті "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастады. Кейін іс "Кісі өлтіру" бабы бойынша қайта сараланып, тағайындалды.

Екі жылдан кейін, 2020 жылы 28 шілдеде бұл іс бойынша Мәскеуде Дағыстанның бұрынғы Премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Меджидов қызды ұрып, терезеден итеріп жіберген.

Муртузали Меджидовтен тергеудің бастапқы кезеңінде жауап алды. Трагедия орын алған күні оны Томириспен бірге бір аудиторияда көргендер бар. Жігіт пен қыз қатты-қатты сөйлескен. Бірақ оған қарсы дәлелдер табылмағандықтан, қылмыстық іс өзін-өзі өлтіру бабы бойынша қозғалды.

2021 жылы 7 маусымда алқабилер Меджидовты ақтап алды, бірақ Мәскеу қалалық соты үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.

2022 жылы 2 қаңтарда Мәскеудің Никулин соты Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Муртузали Меджидовтың ісін қайта қарайтыны белгілі болды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты