Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

22 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстау туралы ақпаратпен бөлісті.

2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік