Air Astana үш рейстің кешігетінін ескертті

Сурет: Zakon.kz
Ұшақтағы ақауға байланысты үш рейстің уақытынан кешігуі шамамен үш сағатты алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 26 маусымда Алматыдан Ташкентке, Нұр-Cұлтанға, Ақтауға және осы бағыттар бойынша кері қарайғы рейстер кешіктіріледі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

КС 127/128 Алматы-Ташкент-Алматы, KC 953/954 Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы және КС 859/860 Алматы-Ақтау-Алматы рейстерінің кешігеді деп күтіледі. Рейстердің кешігу уақытының орташа ұзақтығы шамамен үш сағатты құрайды. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі

Жақын рейстерге қатысты мәліметтерді сайттан тексеруге болады.

Сондай-ақ, жазғы навигация кезеңінің басталуына және ковидтік шектеулердің жойылуына байланысты жолаушылар ағыны артқаны айтылады. Алайда халықаралық әуежайларда персоналдың және жабдықтардың жетіспеушілігі проблемасы шиеленісе түсуде. Соның салдарынан әлемнің көптеген әуе компанияларында ұқыптылық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.

Әуе компания кесірінен жолаушы барар жеріне кешіксе әрі компания мұның басқа себебін дәлелдей алмаса, соңғысы әр кешіккен сағат үшін билет (кідіріс болған ұшу учаскесі) құнының 3 пайызы мөлшерінде жолаушыға айыппұл төлейді. Өндіріп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билеттің (кідіріс болған ұшу учаскесінің) құнынан аспауға тиіс. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды