Түркістан облысында үндістандық екі студент суға батып кетті

Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
21 жастағы Үндістанның екі азаматы Ақсу шатқалындағы Ақсу өзеніне суға түсіп, батып кеткені хабарланды. Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түсті. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері, 1 жүзу құралы мен 4 техникасы, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.

Түркістан облысы ТЖД ескертеді:

  1. Таулы жерлерге бармас бұрын, ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек.

  2. Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

  3. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

  4. Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз. Өте ұзақ шомылмаңыз, қатты шаршар, тоңып, қалдтырағанға дейін суға шомыла беруге болмайды.

  5. Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты