World Business Consulting қаржылық пирамидасының жетекшілері сотталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда World Business Consulting қаржылық пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг аганеттігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдастырушылар халыққа еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынып, сыйақыға кепілдік берген. 2018-2021 жылдар аралығында World Business Consulting қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттіктің хабарлауынша, «сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді».

Пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді