Есірткі сатылатыны жөнінде хабарландыру жариялаған 22 интернет сайт бұғатталды

Сурет: pixabay
Интернет желілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде есірткі заттарын сату туралы жарнама орналастырылған 22 сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау фактілері бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомсвто прокуратура органдары интернеттен бастау алатын қылмыстардың басқа да түрлерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, прокуратура «вконтакте» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз, заңмен белгіленген тәртіпті айналып өтіп, балаларды сатып алу/сату туралы хабарландырулар орналастыруды көздейтін 3 интернет-қауымдастықты анықтады.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Прокуратура өкілдері адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасаумен байланысты іс-әрекеттер үшін мүлік тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі