Түркістанда суға батып кеткен Үндістаннан келген студентті тікұшақпен іздеп жатыр

Сурет: видеодан скриншот
26 маусым күні кешкі уақытта Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде (Ақсу өзенінің Ақсу шатқалында) 2001 жылы туған екі оқушы белгісіз жағдайда суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кеткен Үндістаннан келген екі студентті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері (26 қызметкер, жүзу нысаны және төрт техника) іздестіріп жатқанын хабарлады.

Іздеу жалғасып жатыр. Барлығы 5 шақырым жаяу, 20 шақырым Еврокоптермен зерттелді.Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, Түркістанға Шымкенттен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бір топ студенттері (22 адам – оқытушы және 21 Үндістан азаматы) келген.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды