«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шнар Муктароваға іздеу жарияланды. Ол туралы ақпарат бергені үшін 4 000 АЕК-ке дейін сыйақы көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдікке ілінді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттік Шнар Муктароваға іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260. Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды