Қытайдан 27 миллион теңгенің тауарын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Жалпы құны 27 млн теңге болатын автобөлшектер, аккумуляторлар, дәнекерлеу аппараты мен шаруашылық тауарларын Қытайдан заңсыз әкелмек болған ЖШС анықталды. Олар кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлады Zakon.kz.

Декларацияланбаған жүкті тасымалдау әрекеті «Қалжат» кеден бекетінде тоқтатылды.

Тіркемесі бар КамАЗ маркалы автокөлік құралын инспекциялық тексеру кешенін қолдану арқылы сканерлеу нәтижелері бойынша құжаттарда мәлімделген тауарлар мен көлік құралындағы заттар арасында айырмашылықтар анықталды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша жалпы салмағы 20 тонна декларацияланбаған тауар анықталды, оған 5,5 млн теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар салынды.

Импорттаушы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комитет декларацияланбаған тауар бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы бюджетке өндірілгенін мәлімдеді.

 

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Жұбайының келісімінсіз несие: оны қашан және қалай жоюға болады