Антикор бұрынғы әріптестеріне қарсы тергеу бастады

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеуге қатысқан бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомсвтоның мәлімдеуінше, бұрынғы қызметкерлер Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан.

2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар атап өткендей, 2019 жылғы 6 шілдеде іс бойынша күдікті Л.Ю. Пак қайтыс болды.

Сондай-ақ, Антикордың мәліметі бойынша, 2020 жылғы 7 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі