Таразды қою түтін басып, шұғыл жұмыс тобы құрылды

Сурет: pixabay
11 шілдеде сағат 20.00-де «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан түтін қалаға тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түтін басқан қаланың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Бұл жайтқа қатысты облыстық әкімдік түсінік берді.

11 шілдеде сағат 20.00-де «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік түтін шығарылымы орын алды. Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады. Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылғаны да айтылады.

Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады.

Қазіргі уақытта басқа да аймақтарда зерделеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Экология министрлігі Тараз қаласында атмосфералық ауа мониторингілеу 5 бақылау бекеттерінде, соның ішінде төртеуі қолмен алынатын бекеттерде және 1 автоматтық станцияда жүргізілетінін жеткізді.

2022 жылғы 11 шілдеде ауа монитоингі нәтижесі ауада қалқыма бөлшектер (шаң), азот диоксиді, күкіртті сутегі бойынша ластанудың көтеріңкі деңгейін көрсетті, делінген құзырлы ведомства хабарламасында.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты